Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді

0 0

Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Карантин кезінде қандай нысандардың жұмысы тоқтатылатыны жөнінде бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы   баян етті.   

Тараз қаласының, облыс аудандарының әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдардың 2020 жылғы 5 шілдеде сағат 00:00 бастап қамтамасыз етуі тиіс:

қалааралық, облысішілік автобус қозғалысын тоқтата тұру;

ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;

ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;

барлық мәдени нысандардың (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;

балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;

фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;

СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;

Азық-түлік және азық-түлік емес жабық (ғимараттардағы, үй-жайлардағы) базарлардың қызметіне тыйым салу;

65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;

Leave A Reply

Your email address will not be published.