ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ: Қос ішектен шертіледі шежіре

0 3

Елордамыз Астана қаласының тойланғанына биыл 27 жыл толып жатса, «Ұлттық домбыра» күні 8 – ші рет атап өтілуде. Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябағында дәстүрлі мерекеге айналған «Ұлттық домбыра» күніне орай “Қос ішектен шертіледі шежіре” атты домбыра-party ұйымдастырылды. Домбыраның қос ішегі мен көмейінен халықтың қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, тарихы күй болып төгіледі. Сол себепті домбыра-қазақтың үні. Ұлттық салт дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында өткізілген шараның шымылдығы Құрманғазының “Балбырауын” күйімен ашылды. Домбырашылар Құрманғазы, Әбдімомын Желдібаевтың күйлерін нақышына келтіріп орындаған соң кезек күй тартысқа ұласты. Бұдан соң “Астана күніне” арналған концерттік бағдарлама аудан тұрғындарының назарына ұсынылды. Онда әнші Мейірім Хамзинаның орындауында “Астана”, Динара Диханбаеваның орындауында “Саған халқым”, Динара Қыпшақтың орындауында “Желдірме”, Арай Құрымбетованың орындауында “Түнгі сыр”, Дулат Жасұзақовтың орындауында “Мақтанышым Отаным” әндері шырқалды. “Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра” деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, “Ұлттық домбыра күні”осылайша кеңінен ұлықталды. Атадан балаға мұра болып, халықтың шаттығы мен қасіретін қатар, көбік шашқан күй, әуелеген сазбен сипаттауда өзінің өрнегінен танбаған киелі домбыраға деген құрметтің осылайша еселенгені еліміз үшін ерекше құбылыс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.