Санжар Мәдиев Денис Тен оқиғасының куәгерлеріне үндеу жасады

0 0

Санжар Мәдиев Денис Тен оқиғасының куәгерлеріне үндеу жасадыӨз сөзінде актер ешкімнің полицейлермен байланысқысы келмейтінін түсінетінін және ІІД-де реформа жасалғанын қолдайтынын айтты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Достар, ашу аздап басылса да, жан тиісті әділ жазаны қалайды. Мен қорқатындарды, үнсіздік танытып отырғандарды, және оларды ақтайтындарды түсінемін. АІІБ-де бірнеше рет болғанмын. Және оның қандай жер екенін де білемін. Адамға дұрыс қарым-қатынас жасамайды, сонымен қатар кемінде 10 сағат ас-сусыз отырасың. Тіпті, куәгер болсаң да, алдын ала кінәлісің. Біздегі жүйе осындай. Одан ешкім сақтандырылмаған. Ешкім олармен қарым-қатынасқа түскісі келмейтінін де білемін. Себебі бұл өзіне қымбат. Мен ІІД-де реформа жасалғанын қолдаймын. Грузияда бұл іске асты. Сондықтан менталитетпен байланыстырмаңыздар. Ал әзірге тек өзіңе сену керек», – деп жазды Санжар Мәдиев Instagram-парақшасында.

Айтуынша, Денис Тенге шабуыл жасалған сәтте Әсел есімді бойжеткен алғашқы куәгерлердің бірі болған. Алайда онымен хабарласу мүмкін болмай отырған көрінеді.

«Оқиға кезінде алғашқы куәгерлердің бірі өзін Әсел ретінде таныстырған қыз болған. Ол өзінің телефон нөмірін қалдырды.  Алайда осы уақытқа дейін телефоны сөндірулі (полицейлер арқылы нөмірдің кімге тесілі екенін анықтау жақсы ой және олар да әрекетсіз отырған жоқ, алайда…). Ол (ред. Әсел) жалған нөмір қалдырған болуы да мүмкін. Тіпті, есі шығып тұрған кезде шатасып қалған да шығар», – дейді актер.

Өз кезегінде Мәдиев көпшіліктен оқиға куәгерін табуға көмектесуін сұрады. Бұл өте маңызды, дейді ол.

«Бұл нөмірді өз таныстарыңыздың арасынан тексеріп көріңіздерші. Мүмкін сіздер танитын боларсыздар. Денистің анасы оны іздеп жатқанын айтыңыздаршы. Өтінемін, маған хабарлассыншы. Бұл өте маңызды. 87075788643 Әсел», – деп жазды Санжар Мәдиев.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанынтүсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.