Жамбыл облысында 500 гектар орман өртеніп жатыр

0 0

Жамбыл облысының Қызылқайнар ауылдық округінде шыққан өрт әлі сөндіріліп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Жамбыл облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Жамбыл ауданының Қызылқайнар ауылында «Орман мен жануарлар дүниесін қорғау» ММ-ның мемлекеттік орман қорының аумағында орналасқан Ұзынбұлақ шатқалында құрғақ шөп пен бұталар өртенген еді. Жамбыл облыстық ТЖД-ның 86 қызметкері мен 8 арнайы техникасы, орман шаруашылығынан 83 қызметкер мен 8 техника, өртке қарсы ерікті ұйымдардан 75 адам мен 12 техника үшінші тәулік бойы тілсіз жаумен күресуде.

Белгілі болғандай, өрт көршілес Қырғызстанның таулы аймақтарында басталып, Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы таулардың маңына қарай ығысқан.  Таулы жер әрі қатты соққан жел құтқарушылардың жұмысына кедергі жасап отыр. Арнайы техникалар өрт болған аймаққа жетуде қиындықтарға тап болуда.

Бүгінгі таңда Ұзынбұлақ таулы шатқалының 500 гектар аумағын жалын шарпыған. Өрт емдік шөптер мен бұталарды (итмұрын, долана) жойып жіберді.

Жамбыл облысы ТЖД  30 шілде күні Шу ауданындағы  Қосқұдық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ-ның аумағында орналасқан «Алабота» бөлімшесінде тағы да өрт шыққаны туралы жеткізді. Қанша аумақ өртке оранғаны анықталып жатыр. Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесі тілсіз жауды ауыздықтады.

Ведомствода мәлім еткендей, өрттің шығуына өңірдегі аптап ыстық ауа райы себепші болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.