Марат Сұлтанғалиев: Вакцина — індетті тоқтату үшін үлкен мүмкіндік

0
52

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, ауру айтып келмейді. Сондықтан да, арқаны кеңге салуға болмайды. Аты жаман дерттің алдын алу мақсатында аймақ аумағын қамтитын арнайы штаб құрылған болатын. Бүгін Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында коронавирус инфекциясы және пневмонияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін барлық тиісті қам-қарекеттер жасалуда.

Жиында денсаулық сақтау объектілерінің КВИ таралуына дайындығы, денсаулық сақтау саласының дайындығы, вакцина салуды қалыптастыру туралы мәселелер көтерілді.

— Вакцина — індетті тоқтату үшін үлкен мүмкіндік. Көп алса, бұл екпенің тиімділігі артады және індеттен тезірек құтыламыз. Сондықтан түсіндірме, алдын алу жұмыстарын дұрыс жүргізіп, сақтық шараларын бірлесе отырып атқарайық, — деді аудан әкімі.

Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиевтің баяндамасы тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here