Т.Рысқұлов ауданында биыл 1 спорт кешені соғылып, 3 стритворкаут алаңшалары жасалмақ

0 15

Биыл Луговой ауылынан жаңа дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылысы басталса, Өрнек, Жаңатұрмыс және Ақниет елді мекендерінде стритворкаут алаңшалары орнатылатын болады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ауданда 169 спорт нысаны бар. Оның ішінде бір спорт кешені, бір стадион, 97 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 44 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары жұмыс істейді. Барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз пайдаланылады.

Өткен жылы аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 32 пайызын құраған. Яғни, бүгінде аудан халқының 20690-ы спортқа тартылып отыр деген сөз.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, биыл Луговой ауылынан жаңа дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылысы басталса, Өрнек, Жаңатұрмыс және Ақниет елді мекендерінде стритворкаут алаңшалары орнатылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.