Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев Бірлесу-Еңбек ауылындағы жаңа тұрғын үй алқабының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылыс барысын бақылады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Мұндағы 130 жер телімін сумен қамтуға «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 118 млн 242 мың теңге, ал электр және газ жүйесін жүргізу үшін «Энергосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 млн 273 млн теңгені игілікке жұмсамақ.
Қарқынды құрылысты барлап шыққан басшылар жергілікті әкімдікке құрылыс жұмыстарын назардан тыс қалдырмау керектігін тапсырды.
Аудан әкімінің құрылыстарды аралау барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеева, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев бірге жүрді.