Шу аданында жыл соңына дейін 1074 азаматқа жер телімін беру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Шу ауданы әкімі Нұржан Календеров айтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Аудандағы өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамту. Қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй алу үшін кезек тізімінде 1534 азамат тіркелген. Мәселені шешу бағытында Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік 3 үйдің құрылысына қаржы бөлінді. Алдағы уақытта кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады. Үй салу үшін жер кезегінде 5906 азамат тұр.
«Кезекте тұрған азаматтардың ішінде Шу қаласында — 4082, Төле би-1534, Алға ауылында- 290. Қазіргі уақытта Алға ауылында 25 га тұрғын алқапты электр желісімен және ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталған, жер учаскелерін үлестіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Төле би ауылындағы 147,73 га тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген, сумен қамтамасыз етуге 688,0 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігермен келісім-шарт жасалынды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген, көше жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілуде, ауыз су құбырын жүргізуге бюджеттік өтінім берілген, ЖСҚ құны-981,6 млн теңге, 2021 жылға қаржы бөлінбеді» — деді Н.Календеров.