Талас ауданында оқу жаттығу жұмыстары жүргізілді

0 4

Талас аудан әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес мектеп-лицейде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт тактикалық оқу жаттығуы өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Шара барысында өртке қарсы және эвакуациялық жұмыстар пысықталды.

Жедел әрекет ету жұмысына азаматтық қорғау жасағының 9 арнайы техникасы және 30 қызметкер жұмылдырылды. Мектеп қызметкерлеріне әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Оқу жаттығу кезінде өрт сөндіруші топ,полиция қызметкерлері, жедел-жәрдем, газ қауіпсіздігі мамандары және электр жүйесінің авариялық бригадасы дайындық жұмыстарының жоғарғы деңгейде екенін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.