Сарысу аданы әкімдігі жанынан құрылған 3 мониторингтік топтың жұмыстары күшейтілді. Жалпы жыл басынан бері 275 рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Оның ішінде, 5 заңды тұлғаға және 34 жеке тұлғаға карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынып, толығымен өндірілген.
Сарысу аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде коронавирус инфекциясына шалдыққандарға арналған 80 — инфекциялық төсек толық жабдықталған. Қосымша 9 ИВЛ аппараты мен 36 оттегі концентраторлар бар.
Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдары жеткілікті.
Дәрі-дәрмектердің 2,5 айға жеткілікті қоры қалыптасқан.