Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талас ауданының орталығы Қаратау қаласының «Жастар» саябағында «Street workout» және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков, Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов, зиялы қауым өкілдері қатысып, айтулы күнмен жас бүлдіршіндеріміз құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
А.Шейн көшесі бойында орналасқан су жаңа ойын алаңшасында балаларға арналған шағын аттракциондар, карусельдер, әткеншектер және тағы да басқа керекті жабдықтар орналастырылған. Сондай-ақ, «Street workout» алаңшасыда заманауи талапқа сай жасақталған.
Сонымен қатар, «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Қаратау» жазуы бар декор қабырға, арнайы дизайнмен жасалған қоқыс жәшіктері, орындықтар, шамдар, көгалдандыру, жасыл желектерді суландыру жүйелері бойынша жұмыстар атқарылуда.