2000 теңге сыйақы берген азаматқа 481 мың айыппұл салынды

0 0

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық ІІД жергілікті полиция қызметімен рейдтік іс-шаралар жүргізген. Рейд барысында, З.С.Рыксиев есімді азаматтың полиция инспекторына 2000 теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі тіркелген. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Осыған байланысты азамат З.С.Рыксиев Департамент тарапынан ҚРӘҚБК «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі» 676 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қарау үшін Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдаған.

Қалалық соттың қаулысымен, азамат екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 481 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.