Биылдыққа тұрмыстық жанжалдан 18 адам көз жұмды

0 21

Қазақстанда жылына полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100-ге жуық өтініш түседі, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Зорлық-зомбылықтың өсуі – қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

«Бұл салада проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Қазір қоғам өзгерді. Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілерді ашық айтатын болды. Нәтижесінде соңғы бес жылда мұндай фактілер бойынша өтініштер саны 3 есеге өсті. Сонымен бірге, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Ал жазасыздық жүгенсіздікке әкеліп соғады. Қол жұмсау әдетке айналды десек те болады. Демек, одан да ауыр зардаптар туып, салдарынан отбасы-тұрмыстық салада ауыр қылмыстар орын алып жатыр. Мысалы, биылдың өзінде тұрмыстық жанжалда 18 кісі өлімі тіркелді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.