Асхат Аймағамбетов: Білім беру ұйымына басшылық ету мерзімі 7 жылдан аспауы керек

0 21

ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау туралы жазба жариялады, деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жазбада ведомство басшысы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларын ҚР Әділет министрлігі тіркегенін айтады. Айтуынша, бұл қадам білім беру ұйымдарын бір адамның 10-15 жекедара билеп-төстеуіне жол бермеуі керек.

«Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды. Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісімшарттарын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін және мектеп, колледж, мектепке дейінгі немесе қосымша білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар», — деп жазды министр.

Асхат Аймағабетов білім ұйымдарының басшыларын ротациялау мекемнің өміріне өзгерістер енгізуге және басшының жұмыстағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған қағидат бойынша ротациялаудың мынадай негізгі басым бағыттары бар:

Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.

«Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өз өтініші негізінде босатылып, қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.

Алайда, егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Екіншіден, ротациялаудың бірнеше шарты бар:

–ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;

– ротация бір елді-мекен аумағында жүргізіледі;

– ротациялау бір деңгейдегі ұйым басшыларының арасында жүреді; – ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

«Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ротациялау туралы мәселені қарайтын комиссия жұмыс істейтін болады. Жүйенің тиімді жұмыс істеуі және қағидалардың жергілікті орындарда дұрыс іске асырылуы үшін министрлік мониторинг жүргізеді», — деп жазды министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.