Мұнайдың бағасы айтарлықтай көтерілді

0 9

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 75 доллардан асты, деп хабарлады life.ru.

Порталдың мәліметінше, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімінен АҚШ-тың шығуына байланысты қауіп-қатердің аясында мұнайдың эталонды маркалары қымбаттады. Шілде фьючерстерінің құны бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 75,66 долларға дейін көтерілді.

«ICE Futures лондондық биржасына сәйкес, өткен жұмада оның құны 74,87 доллар болған. Сонымен қатар, WTI маркалы мұнайдың да бағасы көтерілді. Оның бір баррелінің бағасы 70,39 долларға тең», — делінген жарияланымда.

Айта кетейік, АҚШ Иранмен ядролық келісімде қала ма, жоқ па бұл жөнінде Дональд Трамп Ұлыбритания, Германия және Франция елдерімен дискуссия нәтижесіне сәйкес, 12 мамырда хабарлайды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.