Баға бақылауда

0 1

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Партиялық бақылау комиссиясы, филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мүшелері 4 мамыр күнінен бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалап қайтты.

Атап айтқанда, Жаңатас қаласындағы «Алтын орда», «Жаңатас», «Қарлығаш» құрылыс дүкендері, орталық базарда орналасқан дәріхана, азық-түлік дүкендері және «Автобөлшектер» дүкені. Аталған сауда орындарында санитарлық талаптарға сай жасақталып, кіре берістеріне «маскасыз кіруге болмайды» деген арнайы хабарламалар ілінген, сатушылар маска киген, ғимараттар мүмкіншілігінше жиі — жиі жуылуда. Аталған дүкен иелеріне санитарлық режимді қатаң ұстауды айтып, баға өсімін шекті бағадан асырмау ескертілді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.