Луговой ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді

0 16

Бүгін Луговой ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады,-деп хабарлайды «Zhambylnews«АА.

  Тұрғындар тарапынан Максим Горький атындағы орта мектебі мен «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының жылу жүйесін жөндеу және табиғи газға қосу, Теміржолшы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, Смат Есімов көшесінің екінші бетіне жаяу жүргінші жолын салу, Ақбұлақ көшесінің тұрғындарына жерлерін ресімдеу, тұрғындарға жаңа жер телімдерін беру, Луговой-2, Ш.Егембердиев, С.Әденұлы көшелері кей тұрғындарының ауыз сумен толық қамтылуы, Құлан ауылындағы қатты қалдықтар тастайтын полигонның зияндылығы, көшелердегі қаңғыған иттерді залалсыздандыру мәселесі бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, түсіндірілді, шешім шығару үшін сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.


Қоғамдық қабылдауға келген Түрксіб көшесінің бір топ тұрғындарының табиғи газ кіргізу бойынша талаптары тыңдалып,зерделеуге және тиісті шешім шығаруға аудандық прокуратура мен полиция бөліміне ұсыныс берілді.


Ауылдық округ әкімі М.Сванов пен аудандық газ тарату бөлімі басшысы Е.Калынбаевқа нақты тапсырма берілді,жағдайды зерделеп,шешу жолдарын қарастыру жүктелді.
Көшпелі қоғамдық қабылдау алдағы күндері Қарақыстақ пен Көкдөнен ауылдық округтерінде жалғасады

Leave A Reply

Your email address will not be published.