Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтың кепілі

0
132

Елімізде мыңдаған талапкерлер Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтіп, мамандық таңдау кезіне де жетті. Қай жерде қандай кәсіппен шұғылдансам деген сұрақ әрбір жас түлектің ата- анасын да, өзін де толғандырып отырған күрделі мәселеге жатады. Өйкені, мамандықты дұрыс таңдай білу, адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, яғни әркім өз алдына талап, мақсат қойып алға ұмтылар кезі. Қазақта: «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда инфрақұрылым дамып, цифрлық технология заманына сай, нарықтық қарым-қатынаста дүниеге түрлі мамандықтар келді. Сондықтан адам өз бойындағы қабілетіне қарай, икемділігіне қарай, бір сөзбен айтқанда шама-шарқына қарай өзіне және болашақта қоғамға қызмет ету жолын дұрыс таңдауы қажет. Бірақ, біздің жастарымыз осы тұрғыдан келгенде аяғын шалыс басып, өз таңдауларын дұрыс жасай алмай, көп опық жеп отыратын кездері де кездеседі. Дұрыс таңдалған мамандықтың болашақта сенің әрі кәсібің, әрі нәсібің екенін түсіну қажет. Көптеген мамандықтардың ішінде қыз балаға ең ыңғайлы мамандық «Ұстаз болу» дер едім. Басымыздан өтіп жатқан әр қилы заманда, пандемия болсын т.т. сұраныста болған, үнемі айлықтары жүріп жататын ол мұғалімдер мен дәрігерлер десек қателеспейміз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Тарыдай боп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінді, таудай азамат етіп шығаратын да осы ұстаздың еңбегі. Осы ретте қара көз қазақ қыздарының парасат мектебіне айналған Қыздар университеті ұстаздар даярлайтын — Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарының бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы білім сапасын қамсыздандыру агенттігі жүргізген бас рейтинг бойынша еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының ішінде, Қыздар универститеті 2-орында. Университет заманауи материалдық–техникалық базамен жабдықталып, студенттер электрондық кітапхана, асхана, бассейн, спорт зал, шахмат клубы, сән және медицина орталығы, жайлы жатақханалармен және Интернет желісі, WI-FI нүктелерімен толық қамтамасыз етілген.

Заман ағымына сай университетте классикалық бағдарламалармен қатар, қазіргі заманауи жаңа жұмыс орындарына қажет мамандардың бағдарламалары бойынша оқытылады.

Ұлттық университет статусын алғаннан кейінгі «Физика, математика, және цифрлық технологиялар жоғары мектебі» — университетте құрылған тұңғыш факультеттердің бірі. Жоғары мектебімізде 10 – бакалавриат мамандығы бойынша: 6В01501 — Математика; 6В01502 – Математика- Физика; 6В01503- Математика — Информатика; 6В01504 — Физика; 6В01505 – Физика- Информатика; 6В01506 -Информатика; 6В01513-Физика — Электроника; 6В01514 — Информатика және робототехника; 6В06101-Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау; 6В06102- Ақпараттық жүйелер және 5 – мамандық магистратура бағытында және 4 — PhD докторантура мамандарын даярлайды.

Қәзіргі өмір білімдіні ұнататындықтан жоғары оқу орнында ғылым докторлары, профессорлар мен ғылым кандидаттары, доценттер дәріс оқиды. Университетте бүгінгі таңда білім саласын қос дипломды мамандармен қамтамасыз ету, әлеуетін арттыру мақсатында, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Ресей және басқа да елдермен ынтымақтастық байланыста.

Қос дипломды білім беру — бұл екі (немесе одан да көп) университетте бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша сәйкес оқу орындарының дипломдарын алғаннан кейін қатарлас білім алу мүмкіндігі. Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі сөзсіз қос дипломды білім беру болып табылады. Шетелдік жоғары оқу орындармен екі жақты меморандумның негізінде «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленген. Сонымен қатар, шетелдік серіктес ЖОО-ның пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, университеттің студенттеріне шетелдік ЖОО-да 4-курс (бакалавриат) немесе 2-курс (магистратура) студенттеріне білім алуына мүмкіндік береді. Қосдипломды білім беру бағдарламасының негізінде білім алушылар халықаралық тәжірибе алады, бітіргеннен кейінгі жұмыс перспективалары ашылады; серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игереді және ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университеттен 2 диплом алады. Қазіргі кездегі қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестеріміз:
❖ Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, АҚШ
❖ Катовицедегі Силезия университеті, Польша Республикасы
❖ Нийде Омер Халисдемир Университеті, Түркия
❖ Халықаралық Батыс Лондон колледжі, Ұлыбритания
Қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті қосдипломды білім беру бағдарламаларының санын арттыру үшін шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде.
Құрметті талапкерлер! «Құсты қанат ұшырар, ерді талап ұшырар» деп атам қазақ бекер айтпаған, ұлағатты ұстаз болам деген талапкерлерге қыздар университетінің есігі ашық. Ұстаз деген қыз баласы үшін үнемі сұраныста болатын ең күшгі мамандықтардың бірі деп санаймын. Сондықтан Сіздерді Қыздар университетінің «Физика, математика, және цифрлық технологиялар Жоғары Мектебінде» білім алуға шақырамыз!

 

Қыздар университетінің 1972 жылғы түлегі, химия ғылымдарының кандидаты, физика кафедрасының қауым. профессоры Гүлнәзия Түгелбайқызы

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here