Шуда 120 мың адамды тұрақты тоқ көзімен қамтуға қауқарлы күн электрстанциясы іске қосылады

0 0

Шуда 120 мың адамды тұрақты тоқ көзімен қамтуға қауқарлы күн электрстанциясы іске қосылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шу ауданындағы «M-Kat Green» ЖШС күн электр станциясының «ШУ-100 МВт» жобасының құрылысы жүргізілуде. 500 гектар аумақта салынып жатқан КЭС-ті желтоқсан айында өтетін республикалық телекөпір арқылы тікелей эфирде іске қосу көзделген.

Облыс басшысы құрылыстың уақытылы аяқталуына назар аудартып, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес атқарылуына мән берді. Аз кем ақпар. Аумағы 500 га. Ерекшелігі: Арнайы қондырғы күн энергиясын барынша бойына сіңіре алады. Яғни шығыстан шығып, ұясына батқанша бағытын өзгертіп қозғалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.