Тұрар Рысқұлов ауданында кіші футболдан аудан біріншілігі өз жалауын көтерді

0 16

Тұрар Рысқұлов ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кіші футболдан аудан біріншілігі өз жалауын көтерді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұрар Рысқұлов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін бұл кіші футболдан чемпионатқа 14 команда қатысуда.

Бұл турнирдің басты мақсаты – аудан тұрғындарын, оның ішінде аудан жастарын спортқа баулу, уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Елбасымыздың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аталып көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру арқылы туған елді түлету ісі бүгінгі жарысқа серпін берген идея.

Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ел спортының жандануына үлес қосып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.