Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында бес кішкентай баланың өмірін қиған Жаңатастағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді.
⠀
«Біздің облыс тұрғындарын жантүршігерлік трагедия таңғалдырды. Жаңатас қаласындағы тұрғын үйдегі өрт бес кішкентай баланың өмірін қиды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Әбдіров, полиция департаментінің бастығы Сүлейменов, ТЖ департаментінің бастығы Момбаев аттанды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», — деп жазды аймақ басшысы.
⠀
Айта кетейік, Жаңатаста 5 қабатты тұрғын үйде 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан болатын. Салдарынан бес бала қайтыс болды. Олар 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.