Сәкен Арубаев: Әлеуметтік желідегі белсенділігім бұқарамен жақындастыра түсті

0 6

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларында бұл мәселеге баса мән берілген. Ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып айқындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды.

Ең алдымен осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында қараша халықпен ауданның әлеуметтік желілерінде «Әкім сағаты» жобасын тікелей эфирде 15 мәрте өткізіп, 150-ден аса өтініш-тілектерге назар аударып, сұрақтарға толымды жауап қайтардық. Әлеуметтік желіде белсенділік танытуым жұртшылықтың билікке деген сенімін арттыра түсті. Өйткені, ғаламтор желісі – азаматтардың ұсыныс-пікірлерін еркін білдіруге және сауалға жедел жауап алуға қолайлы орта.

Бұдан бөлек әлеуметтік желіде кез келген тұрғынның ұсыныс-пікірін жауапсыз қалдырған емеспін. Түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, я болмаса бөлім басшылары нақты тапмырмалар жүктеймін. Азаматтардың әр сауалы — маңызды.

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.