Қазақстанда күнкөріс минимумы артты

0 9

Қазақстанда 2019 жылғы наурызда күнкөріс минимумы ақпан айымен салыстырғанда 1,1%-ға артып, 27,4 мың теңгені құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады. 

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3,6%-ға өскен.

Айта кету керек, азық-түлік өнімдеріне 15,1 мың теңге, ал, азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 12,3 мыңнан астам қаражат бөлінген.

Ең жоғарғы күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында (33,9 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (31,3 мың теңге) және Алматыда (30,3 мың теңге) болса, ең төменгісі — Жамбыл (24,7 мың теңге) және Павлодар (24,2 мың теңге) облыстарында тіркелген.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.