Референдум барысын түсіндіру жұмыстары басталды

0 31

Ел Президенті биылғы Жолдауында өзі ұсынған 4 саяси таптаманың мүлтіксіз орындалатынын айтқан болатын. Соның бір бағыты -еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту. Ол үшін Мемлекет басшысы алдымен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасын қолдап, жалпыхалықтық референдум өткізу күнін жариялады. Осыған орай Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз мәдениет үйінде биылғы жылдың 5 маусымында өтетін референдумға қатысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру шарасы өтті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Білім саласының өкілдері бас қосқан шарада мемлекеттің ең маңызды құжатына енгізілетін 33 өзгеріс туралы екжей-текжейлі айтылды. Оның ішінде Президент өкілеттілігін қысқарту, өлім жазасын алып тастау, саулау жүйесін жаңарту, құқық қорғау институттарын күшейту бар.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі мемлекеттің жаңа үдеріске бет бұруына ықпал етіп, биліктің халықпен қарым-қатынасын жақындата түседі деп есептеймін. Халық жарқын болашақ жолында азаматтық ұстанымын көрсетуге міндетті. Мен өз кезегінде мұғалім ретінде дауыс беруге барамын, барлық мұғалімдерді, мемлекеттік қызметкерлерді де барып дауыс беруге, барлық сайлау шараларына қатысуға шақырамын, – шақырамын дейді Тараз қаласындағы №40 гимназияның мұғалімі Элеонора Бухонова.

Референдумның арқасында әрбір азамат «Жаңа Қазақстан» үшін дауыс беріп, тарихи оқиғаның қатысушысы бола алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.