Қырғызстан мен Армениядан көлік әкелу үшін кедендік бажды төлеу керек — Кірістер комитеті

0 8

Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып есептеледі және кедендік бақылауға жатады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта халық жеке пайдалануға арналған автомобильдерді әкелуге белсенді қызушылық танытып отыр. Сұрақ көбінесе үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Армения, Беларусь, Ресей және Қырғызстаннан әкелінетін автомобильдер бойынша қойылады.

«Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер, яғни шетелдік автомобильдерді уақытша 1 жылға шетелдік тұлғалар ешқандай кедендік төлемдерді төлемей әкеле алады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғалары шетелдік автомобильдерді тек кедендік төлемдерді қамтамасыз еткен жағдайда уақытша 1 жылға әкеле алады, бұл дегеніміз қаржылық кепіл болып табылады», делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары ел аумағына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автомобильдерді ғана әкеле алады.

«Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде; Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жатады. Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан аумағына тек Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұратын тұлғалар уақытша әкеле алады», делінген хабарламада.

Комитет Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұрмайтын тұлғалар аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына қандай жағдайда әкеле алатынын түсіндірді.

«Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімнің 2-қосымшасында көрсетілген мөлшерлемелер бойынша кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін елге автомобильді әкеле алады. Ал Армениядан көлік әкелуі бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін ғана, Қырғызстаннан 2025 жылдың 1 қаңтарынан кейін көлік әкеле алады», делінген хабарламада.

Комитет елімізде Моңғолиядан әкелінген және кейіннен Қазақстанның ішкі істер органдарында тіркеу есебіне заңсыз қойылған автомобильдер бар екеніндігі атап өтті.

«Осындай автокөлік құралдары шетелдік тауар болып есептеледі және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады», деп мәлім етті ведомстводағылар.

Мемлекеттік кірістер комитеті автомобиль сатып аларда аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, автомобильдің кедендік тазартудан өткендігі және заңды әкелінгендігін тексеріп алуға кеңес береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.