2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, еліміз халқының саны 19,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. 2020 жылдың осы кезеңінде елде 18,8 млн адам болды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлерді жеке қарастырғанда, тұрғындардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 2,1 млн адам. ТОП-3-ке Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы (2 млн адам) кірген.
Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: 539,4 мың адам.
2021 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша, елде Қазақстан есімді 24 адам тұрады.
Қазақстан есімді адамдардың басым бөлігі Ақмола облысы мен елордада тұрады – әр өңірде 6 тұрғыннан бар. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында – төрт, Қостанай облысында – үш, Шымкент қаласында – екі, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бірден Қазақстан есімділер тұрады.
Қазақстандықтар балаларына еліміздің ірі қалаларының аттарын да берген (ҚР-да олардың 18-і тұрады). Елімізде 28 – Семей, 21 — Алматы, 18 Түркістан есімді адам бар.