Facebook-тің атауы ауысты

0 6

Facebook компаниясы атауын ауыстырды. Ендігі аты – Meta. Бұл жайлы компанияның негізін қалаушы Марк Цукербергтің өзі мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап компания атауы өзгерді. Енді біз «Meta» деген компаниямыз», — деді Цукерберг 28 қазан күні өткен «метадүниежүзілік» тұсаукесерде.

Сондай-ақ компания басшысының айтуынша, компанияның логотипі де өзгеруі мүмкін. Мебиус лентасына ұқсас логотип қоймақ. Түсі – көкшіл.

Америкадағы алып корпорацияның атауы ауысатыны туралы бұрын да айтылған. Ребрендинг жасауға Facebook-тің бұрынғы жағымсыз келбеті себеп. Соңғы кезде компанияға тиесілі сервистердің басы жауға жиі қалатын болып жүр. WhatsApp-тың дезинформациямен күресе алмайтыны, жақында қабылдаған қолданыс келісімінің нашарлығы, Instagram әлеуметтік желісінің адам психологиясына тигізер кері әсерін зерттеуді тоқтатуы – осының бәрі компания имиджіне кері әсер етті. Оның үстіне, жақында Facebook сервистері түгел істен шығып, ауқымды техникалық ақау болғаны белгілі.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.