Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мен оның ұлы бір түнде өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды zhambylnews.kz порталы Диапазонға сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Шұбарши ауылында 12 қыркүйек күні түнгі 11-лер шамасында орын алды. Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің арасында жанжал болып, 63 жастағы әйел газ құбырына асылып қалыпты. Ұлы анасын жіптен шешіп алуға әрекеттенгенімен, жергілікті тұрғын көз жұмған. Бұл қазаны ауыр қабылдаған азамат сол сәтте өзіне пышақ жарақатын салған. 28 жастағы азаматты құтқарып қалу мүмкін болмаған. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай тіркелген уақытта анасы мен ұлы үйде жалғыз болмаған: олармен бірге әйелдің күйеуі мен ұлдың әкесі және басқа да туыстары бар еді. Жас жігіт туыстары жедел жәрдем шақырып жатқанда өз-өзіне қол салған.
Тура бір аптадан кейін, 19 қыркүйек күні ол үйлену керек болған. Азамат жақында болашақ қалыңдығын алып келіп, туыстарымен таныстырып, шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдап қойған.