Тараз қаласында шағын футболдан турнир өтті

0 19

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Тараз қаласы «Динамо» спорт кешенінде ҚАЖ департаментінде қызмет еткен ардагеріміз Серік Нұханұлы Ахметовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Жамалбекұлының бастауымен өткен турнирге ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер қызметкерлерінен құралған 7 құрама қатысты. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл турнирдің маңызы зор. Бұл күні әріптестеріміз бір уақыт сергу үшін жасыл алаңда теңбіл доп тебуге мүмкіндік алып отыр.

Ахметов Серік Нұханұлы 1959 жылдың 6 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1983 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы қарашаға дейін 25 жыл қызмет етті. Өзінің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында ҚР Әділет министрілігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына дейін көтерілді. Жамбыл ауданы, Шөлдала ауылында кіші басшы құрамның алғашқы дайындықтан өтуіне арналған Оқу орталығын, Тараз қаласының А.Асқаров көшесінде европалық стандартқа сай жаңа ЖД-158/7 түзеу мекемесін ашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.