Министрлік қызылша туралы: Антиваксерлер балаларының құқығын бұзып отыр

0 21

Антиваксерлер балаларының денсаулығы үшін жауапты. Ата-ана дұрыс шешім қабылдауы керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау минитсрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл деп хабарлайды Kazinform.

«Антиваксерлердің ең алдымен балаларының алдындағы жауапкершілігі. Олар балаларының құқықтарын, өмір сүру құқығын, денсаулық пен болашақ құқығын бұзады. Қызылшаға қарсы вакцинация Еуропа мен АҚШ-тың бірқатар елдерде бұл міндетті. Тәжірибе бойынша, АҚШ және Еуропа елдерінде вакцинаға қарсы талап қатаң», — деді Манар Смағұл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мектеп бітірген түлек бала күнінде қызылшаға қарсы вакцина алғаны туралы сертификаты болмаса оқуға жіберілмейді.

«Айта кететін жайт, бала сауығып кеткен сияқты, бірақ вирус денеде тұрақты болып, 5-7 жылдан кейін склерозды паненцефалитті, мидың зақымдануы бар өлімге әкелуі мүмкін. Яғни дерт психикалық деградация болады. Бұл жасырын асқынулардың бірі және оны ресми статистика растайды. Мың баланың біреуі мұндай асқынуға бейім», — дейді министрлік өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.